14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №374

365 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
2015 жылғы 7 желтоқсан,  Астана қаласы Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7 бабының 35-5) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды; 3) осы бұйрықты ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №374 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулығы 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі осы нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) мемлекеттік кітапханалардың кітапханалық қорын есепке алу және есептен шығару үдерістерін құжаттар түсімін есепке алу, кітапханалық қорды есептен шығару жолымен нақтылайды. 2. Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер қолданылады: 1) аудиовизуальды құжат (бұдан әрі - АВҚ) – техникалық құралдардың көмегімен жаңғыртылатын бейнелеу, дыбыстық, мәтіндік ақпараттарды қамтитын құжат; 2) баспа басылым -– мәліметтер және (немесе) образдарды оқырманға (абонентке) оған әсер ету мақсатында жеткізуге арналған жазба, бейнелеу өнері, музыка, картография шығармаларын (шығармалар кешенін) қамтитын, редакциялық-баспалық өңдеуден өткен мұқабасы, түптемесі бар басылым (кітаптар, брошюралар); 3) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры (бұдан әрі - кітапхана қоры) сақталуға және оқырмандар мен абоненттерге уақытша пайдалануға беруге арналып қалыптастырылған құжаттардың реттелген жиынтығы; 4) мерзімді баспа басылымы – газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар, үш айда бір реттен кем емес шығарылатын қосымшалар. 3. Кітапхана қорын есепке алу және есептен шығаруға баспа басылымдары, мерзімді баспа басылымдары, сондай-ақ АВҚ (бұдан әрі – құжаттар) жатады. 2. Кітапхана қорын есепке алу 4. Кітапхана қорының есебін жүргізгенде құжаттар саны, газеттер мен АВҚ-дан басқасы, негізгі бірлікпен – данамен өлшенеді. Газет саны үшін негізі өлшем бірлігі газеттердің бір жылғы нөмірлерінің (шығарылымдардың) жиынтығын құрайтын жылдық жиынтық болып табылады. АВҚ саны үшін өлшем бірліктері: магниттік фонгорамма үшін - кассета, шарғы (катушка), бобина; грампластинкалар үшін – диск; диафильм үшін – орама; диапозитив және кинофоноқұжаттар үшін – жиынтық болып табылады. 5. Кітапхана қорын есепке алу құжаттар түсімінің есебін және құжаттардың жиынтық есебін жүргізу жолымен жүзеге асырылады. 6. Түскен құжаттарды есепке алу мынадай рәсімдерді қамтиды: 1) құжаттарды қабылдап алу. Жолдама құжаттармен немесе поштамен түскен немесе қолдан сыйға алынған құжаттарды қабылдау барысында ақауының және (немесе) жолдама хатта (бар болғанда) көрсетілген мәліметтерден айырмашылығының болуына салыстырылып тексеріледі. Ақаулар және (немесе) айырмашылықтар болмаған жағдайда, құжат кітапханада пайдалану үшін қабылданады және осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдап алу актісі жасалынады. Құжаттарды қабылдап алу туралы акт екі данада жасалынады, актінің бір данасы кітапхананың құжаттарды толықтыру бөлімшесінде қалады, екінші данасы кітапхананың бухгалтериясына тапсырылады. Қолдан сыйға алынған құжаттарда ақау табылған жағдайда құжат қабылданбайды, жолдама хатпен немесе поштамен түскен құжаттарда ақау табылған жағдайда құжаттарды қабылдап алуға жауапты қызметкердің және кітапхана әкімшілігінің қатысуымен ақаулығы туралы акт осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалынады. Ақауы туралы акті екі данада жасалынады, актінің бір данасы кітапханада қалады, екінші данасы жолданым иесіне анықталған айырмашылықтардың, ақаулардың болуына байланысты құжаттарды қабылдаудың мүмкін еместігі туралы хабарламамен қоса кері жіберіледі; 2) құжаттарды техникалық өңдеу, оған құжаттың бет жағына құжаттың шифры көрсетілген құлақшаны және қайтару мерзімі көрсетілген бақылау парақшасын жапсыру жатады. 3) жеке есеп осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инвентарлық кітапқа түскен құжат туралы мәліметтерді енгізу, құжатқа инвентарлық нөмір беру және кітапхананың мөрін қою арқылы жүзеге асырылады. 7. Инвентарлық нөмір кітапхана қорына түскен көлемі 48 беттен аспайтын брошюралар мен мерзімді баспа басылымдарынан басқа әрбір құжатқа беріледі. 8. Инвентарлық нөмір құжатқа оның кітапхана қорында болуының барлық мерзіміне бекітіледі және өзгертуге, түзетуге және алып тастауға болмайды. 9. Инвентарлық нөмір берілгеннен кейін, құжаттың титулды бетінің бет жағында кітапхананың мөрі және мөрдің үстіңгі жағына инвентарлық нөмір қойылады. 10. Көлемі 48 беттен аспайтын брошюралардың түсімі осы Нұсқаулықтың 6 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қабылдап алу туралы актіні жасау жолымен есепке алынады, ал мерзімді баспа басылымдары осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымның тіркеу карточкасын жасау жолымен есепке алынады. 11. Кітапхананың кітапханалық қорына түсетін немесе одан шығарылатын құжаттардың барлық түрлерінің жиынтық есебі бір жолдама құжат (шот-фактура, жөнелтпе құжат, акт) бойынша партиямен жүзеге асырылады. Жиынтық есеп тоқсан, күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кітапханалық қордың құрамы және ондағы болып жатқан барлық өзгерістер туралы мәліметтерді жинау жолымен, сонымен қатар осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жиынтық есеп кітабын жүргізуді қамтиды. 3. Құжаттарды кітапхана қоры есебінен шығару 12. Құжаттар, кітапхананың сирек қорындағы құжаттардан басқасы есептен шығарылуға жатады: 1) көнеру және ақаулығы (пайдалануға жарамсыз болып қалған және жөндеу мен реставрациялауға келмейтін құжаттар), мазмұны жағынан ескіруі (өзінің өзектілігін, ғылыми, мәдени-тарихи маңыздылығын, танымдық және өндірістік құнын жоғалтқан, тәжірибелік қолдануға жарамсыз құжаттар) жағдайында осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған есептен шығару туралы актінің негізінде пайдаға асыру жолымен; 2) дублеттігі (құжаттардың қолданылмайтын артық, керексіз даналары), бейінсіздігі (кітапхананың тақырыбына сай келмейтін құжаттар) жағдайында басқа мемлекеттік ұйымға құжаттарды есептен шығару туралы актінің негізінде тегін (өтеусіз) тапсыру жолымен. Тапсыру осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалынған тапсыру-қабылдап алу актісіне қол қою арқылы жүзеге асырылады: бір данасы кітапханада қалады, екіншісі қабылдап алатын мемлекеттік ұйымға тапсырылады; 3) төтенше жағдайлар кезіндегі бүлінулер (авария, табиғи апат, өрт және басқалар) жағдайында тиісті мемлекеттік органдардың құжаттары негізінде; 4) жоғалған жағдайда осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттың жоғалуы туралы актіні жасау жолымен; Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша Нысан Бекітемін ____________________________________ (мекеменің толық атауы, басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) _________________ (қолы) «_____» ___________________ 20____жыл. Құжаттарды қабылдау туралы акті №______ Осы акті 20____жылдың «_____» ___________________. екі данада құрамында: 1)______________________________________________________________________________________; 2)______________________________________________________________________________________, (кітапхананың құжаттарды қабылдап алуға жауапты қызметкерінің және басшылығының қатысуымен) кітапханаға келесі құжаттардың қабылдануы туралы жасалды: № Құжаттың авторы мен тақырыбы Даналар саны құжаттың бағасы (теңгеде) Құжаттар тізімі қосымша берілген: Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы 1) _____________________________________ ; 2) _____________________________________. Құжаттарды тапсырған тұлғаның қолы ______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), қолдары) Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша Нысан Ақаулары туралы акті №______ Осы акті 20____жылдың «_____» ___________________ екі данада құрамында: 1)___________________________________________________________________________________ ; ((актіні жасаған кітапхананың құжаттарды қабылдап алуға жауапты қызметкерінің және басшылықтың тегі, аты, әкесінің аты) 2)____________________________________________________________________________________________, құжаттарды қабылдау кезінде: __________________________________________________________________ , (құжаттар атауы, құжаттарды жіберушінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) атауы) ________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________ анықталғаны туралы жасалынды. (құжаттардың анықталған ақаулары көрсетіледі) Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы _____________________________________ . Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша Нысан Инвентарлық кітап Кітапхананың толық атауы:________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Кітапхананың құрылымдық бөлімшесі_______________________________________________________________ Жазбаның мезгілі Жиынтық есебі кітабындағы жазбалар нөмірі Инвентар-лық нөмірі Құжаттың авторы және тақырыбы (томы, бөлімі, шығарылымы, басылым орны, жылы) Бағасы (санмен көрсетіледі, теңгеде) Мезгілі мен нөмірі Ескерту тексеру туралы акт есептен шығару туралы акт 1 2 3 4 5 6 7 8 Осы инвентарлық кітапта _______ нөмірленген парақ бар. Мезгілі 20____жылдың « ____» ________________ Кітапхананың мөрі Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша Нысан Мерзімді баспа басылымдарының тіркеу карточкасы Газет /журнал/альманах/бюллетень атауы Басылым жылы Шығарылым нөмірлері Қорытынды: Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша Нысан Кітаптың жиынтық есебі 1-бөлім «Құжаттардың түсімі» жазба күні жазба нөмірі рет бойынша түсім көзі, жолдама құжаттың нөмірі және/ күні барлық тускен құжаттар Түскен құжаттар Баспа басылымдар Мерзімді баспа басылымдары Аудио-визуальдық басылымдар Тілдерде Теңгерімге алынды Мазмұны бойынша кітаптардың саны кітаптардың бағасы брошюлардың саны брошюралардың бағасы барлық саны журналдардың саны газеттердің саны (жылдық жиынтықта) барлық саны Фоноқұжаттар саны бейнеөқұжаттар саны Фотоқұжаттар саны басқалар барлық саны қазақ тілінде орыс тілінде шет тілдерде данлар барлық сомасы жаратылыстану-ғылыми техникалық, ауылшаруашылық медицина қоғамдық-саяси тіл білімі әдебиеттану, көркем өнер басқа салалар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 Нысан 2-бөлім «Құжаттарды есептен шығару» жазба күні жазба нөмірі реті есептен шығару туралы актінің нөмірі, күні есептен шығарылған құжаттардың барлығы Есептен шығарылған құжаттар Баспа басылым-дардың саны Мерзімді бас­па басылым-дардың саны Аудио-визуальдық басылым-дардың саны Тілдерде Есептен шығару себептері Барлық теңгерімнен алынғандар Мазмұны бойынша кітаптар брошюралар журналдар газеттер (жылдық жиынтықтар) Фоноқұжаттар бейнеөқұжаттар Фотоқұжаттар басқалар қазақ тілінде орыс тілінде шет тілдерде есептен шығару себептері даналары жалпы сомасы жаратылыстану-ғылыми техникалық, ауылшаруашылық медицина қоғамдық-саяси тіл білімі әдебиеттану, көркем өнер асқа салалар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 Нысан 3-бөлім «Кітапхана қорлары қозғалысының қорытындысы» Кітапхана қоры қозғалысының кезеңдерінің қорытындысы Барлық құжаттардың Құжаттардың жалпы сомасы Құжаттардың қозғалысы Баспа басылым­­дардың саны Мерзімді баспа басы­­лымдардың саны Аудиовизуальдық басылымдардың саны Тілдерде Теңгерімге қабылданғаны Мазмұны бойынша кітаптар брошюралар журналдар газеттер Фоноқұжаттар бейнеөқұжаттар Фотоқұжаттар басқалар қазақ тілінде орыс тілінде шет тілдерде даналардың саны барлық сомасы жаратылыстану-ғылыми техникалық, ауылшаруашылық медицина қоғамдық-саяси тіл білімі әдебиеттану, көркем өнер басқа салалар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 12 13 14 15 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 01.01.20__ жылы құрады Тоқсанда түскені Тоқсанда шығарылғаны Тоқсан соңында құрады 31.12.20__ жылы құрады Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша Нысан Құжаттарды есептен шығару туралы акті №______ Осы акті 20____жылдың «_____» ________________ құрамында комиссия төрағасы мен мүшелерімен: ______________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ (комиссия төрағасы мен мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы) келесі құжаттарды есептен шығару туралы жасалды: № Құжаттың авторы мен тақырыбы Инвентарлық нөмірі Саны Құжат саласы Бастапқы құны Қалдық құны _____________теңге сомасына ________________________________________________себебі бойынша (есептен шығару себебін көрсету) Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы 1)_____________________________________; 2)____________________________________. Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 7-қосымша Нысан Бекітемін ____________________________________ (мекеменің толық атауы, басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) _________________ (қолы) «_____» ___________________ 20____жыл. Құжаттарды тапсыру-қабылдау туралы акті Осы акті 20____жылдың «_____» ___________________ бір жағынан ________________________ ____________________________________________________________________ , екінші жаққа ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы) __________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы) _____________________________________________________________________________ теңгерімінен (мекеменің толық атауы) ___________________________________________________________________________теңгеріміне (мемлекеттік ұйымның толық атауы) келесі құжатты (тарды): № Құжаттың авторы мен тақырыбы Инвентарлық нөмірі Саны Құжат саласы Бастапқы құны Қалдық құны _____________________________________________________________________сомаға (теңгемен) тапсыру туралы акт жасалды. Негіздеме: __________________________________________________________________________. (хаттың авторы, күні мен нөмірі, құжатты есептен шығару туралы актінің күні мен нөмірі Тапсыратын жақтың қолдары: ________________________ Қабылдайтын жақтың қолдары: _______________________ Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 8-қосымша Нысан Бекітемін ____________________________________ (мекеменің толық атауы, басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) _________________ (қолы) «_____» ___________________ 20____жыл. Құжаттың жоғалуы туралы акт № ___ Осы акті 20____жылдың «_____» ___________________ құрамында: ______________________________________________________________________________________ бар (актіні жасаушы тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы) ______________________________________________________________________________________ (мекеменің жоғалған құжатын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) мекемеге тиеселі келесі құжаттардың: Құжаттың авторы, тақырыбы Инвентарлық нөмірі Бағасы* Дана саны ___________________________ тенге сомасына**, ________________________________ себебімен жоғалғаны туралы жасалынды. Мен, ____________________________________________________________________________________ (мекеменің жоғалған құжатын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) келтірілген материалдық залалдың орнын құжатты қалпына келтіру*** жолымен өтеймін _____________ (кітапхананың ____________________________________ жоғалған құжатын пайдаланушының қолы) Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы: _____________________________________ _________________________________________________ орнына келесі құжатты (-тарды) қабылдайды (мекеменің толық атауы) Құжаттың авторы, тақырыбы*** Дана саны Бағасы Мекеменің жоғалған құжатын пайдаланушының қолы:___________________________ Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы: ______________________________ Ескерту. *Құжат бағасы құжаттарды қабылдау туралы актіге сәйкес көрсетіледі. ** Сомасы құжаттың нарықтық бағасының көлемінде белгіленеді. *** Мазмұны және пішіні бойынша тең бағалы болып табылатын құжат. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 12642 болып енгізілді.